1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін ұзартылды

0
297
Фото: Қосшы қаласының мектеп-гимназиясы.

  –  Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларына өзгеріс енгізгенін хабарлады zamandas.kz KAZINFORMге сілтеме жасап.

Егер бұрын бірінші сыныпқа қабылдау мерзімі 1 сәуірден тамыздың 1-не дейін жүзеге асырылса, енді баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау осы жылы 1 сәуір мен 31 тамыздың аралығында өтеді.

Тек демалыс кезінде ғана мектептен мектепке ауысуға шектеу алынды. Осылайша, жаңа ережелерге сәйкес, балаларды тұрғылықты жері бойынша оқу жылы ішінде мектептен-мектепке ауыстыру мүмкіндігі бар.

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау кезеңі тамыздың 25-і аяқталуына байланысты білім алушылардың өтініштерін оныншы сыныпқа қабылдау мерзімі тамыздың 15-нен тамыздың 31-не өзгертілді. Колледжге қабылданбаған білім алушылар мектептің 10-11 сыныптарында оқуын кедергісіз жалғастыра алады», – делінген министрлік хабарламасында.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ