Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Образование

10 жылда алғаш рет Сирия мен Тунис елші алмасу туралы шешім қабылдады

Сирия Тунистің Дамаскіде елші тағайындау туралы шешіміне жауап ретінде бұл елдегі дипломатиялық өкілдігін қайта ашып, елші жіберуге шешім қабылдады. Бұл туралы қос мемлекеттің бірлескен мәлімдемесінде айтылған.

«Тунис Республикасының президенті Каис Саидтың Сирия Араб Республикасында елші тағайындау туралы бастамасына жауап ретінде Сирия үкіметі бұл тағайындауды дереу мақұлдағанын жариялады және Тунисте Сирия елшілігін ашып, таяуда елші тағайындау туралы шешім қабылдады», делінген SANA агенттігі таратқан мәлімдеме үзіндісінде.

Онда «Сирия-Тунис қарым-қатынасын қалпына келтіру мақсатында екі елдің сыртқы істер министрлері арасында консультациялар жалғасып жатқаны» аталып өткен.

Тунис 10 жыл бұрынғы қарулы қақтығыстан кейін Сириямен дипломатиялық қарым-қатынасын үзген еді. Биылғы ақпанда Тунис президенті Дамаскідегі дипломатиялық өкілдік деңгейін арттыру және елші тағайындау туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Сәйкес жаңалықтар

Казахстан вошёл в число стран Европы и Центральной Азии, где родители всё реже прибегают к насильственным методам воспитания — снижение с 53% до 38%

Арлан и Аслан Айткалиевы, родом из города Уральск, посетили Акорду

Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании