12 жасар қыздың асқазанынан 1 келіден астам шаш алынды

0
268

Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасында Тараз қаласының 12 жастағы тұрғынына сирек диагноз қойылды. Қыздың асқазанында шаш кесегі (трихобезоар) жиналып қалған деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.

Қыздың анасының айтуынша, іштің жиі қайталанатын ауырсынуынан, тәбеттің төмендеуінен, салмақ жоғалтудан кейінгі соңғы 6 айда олар емханаға гастроэнтерологқа барып, ем алған.

Алайда нәтиже болмаған. Содан кейін облыстық көпбейінді балалар ауруханасының балалар хирургына жүгінді.

Ауруханада арнайы зерттеп-қараудан (УДЗ, іш қуысының КТ, ФГДЭС) өткеннен кейін асқазаннан бөгде зат табылды.

Қыз шұғыл ауруханаға жатқызылды.

Аспаптық және зертханалық зерттеп-қарау нәтижесі толық дайын болғаннан кейін операцияға білікті мамандардың операциялық бригадасы – хирургиялық бөлімшенің меңгерушісі Эльбрус Салпағаров, операциялық бөлімшенің меңгерушісі Қанат Дүйсебаев және анестезиолог Бақтияр Баялиев кіріседі.

Операция кезінде пациенттің асқазанынан шамамен 1,2 кг бөгде зат – трихобезоар (шаш кесегі) алынды.

Мамандардың біліктілігі ішкі ағзаларға зақым келтірместен асқазан-ішек жолдарының тұтастығын сақтауда маңызды рөл атқарды.

Қазір қыз операциядан кейін оңалтудан өтіп жатыр.

Анасының айтуынша, қыздың кішкентай кезінен шаш, жүннен жасалған бұйымдарды жейтін әдеті болған.

Асқазан-ішек жолдарының трихобезоары – өте сирек кездесетін патология.

Сондықтан қазіргі іш хирургиясындағы ең өзекті мәселелердің бірі саналады.

Асқазанның безоары ауыр және өмірге қауіп төндіретін асқыну тудыруы мүмкін.

Ата-ана балалардың патологиялық мінез-құлық реакцияларына ерекше назар аударуы және жоғарыда аталған әдеттер болған жағдайда уақытты созбай, психолог (психотерапевт), невропатолог және гастроэнтерологқа қаралғаны жөн.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ