№175 мектеп-лицейінде оқушылармен кездесу өтті

0
130

2022 жылдың 7 қараша күні  Алматы қаласы Әуезов ауданы №175 мектеп-лицейінде «Жаңа Алматы жастары» жобасы бойынша «Social project managment» орталығы қоғамдық қорының ұйымдастырған бағдарламасы аясында оқушылармен кездесу өтті.

Кездесудің модераторы, психолог Сейілбек Қарабаев мектеп оқушыларының арасында болатын түрлі мәселелерді  тек ақылмен емес, креативпен шешуге болатыны туралы айтты. Оқушылардың сабақ үлгерімін көтеру үшін нақты жоспармен жүруді және оны үнемі қадағалап отыруды ұсынды.

Мектеп қабырғасында бала тек білім алып қана қоймай, сонымен қатар дамуға, салауатты өмір салтын ұстануға уақыт арнауы керек. Оқу үлгерімін төмендетіп алмай осының бәріне үлгеру үшін уақытты тиімді пайдаланудың түрлі жолдарын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Сейілбек Қирабаев психолог ретінде оқушыларға сұрақ қойып, жеке-жеке жан дүниесіне тереңірек үңілуге тырысты. Кездесу барысында мектеп оқушылары оқу үлгерімімен ешқандай мәселе жоқ екендігін, спортпен де уақытылы айналысатындарын айтты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ