18 жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен адам дін аман табылды

0
304
Фото: POLICE_of_KZ

ІІМ интимдік сипаттағы қызмет көрсететін притондарға қатысты ауқымды тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Рейд жүргізу барысында жезөкшелікті кәсіп ету үшін үй-жайды жалға берудің 70-тен аса дерегі анықталған. «Кінәлі тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 450-ші бабы (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, онда жүзден мыңға дейінге айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген. 5 жеңгетайлық фактісі анықталды. Сонымен қатар жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында бұрын жасалған Семей қаласының тұрғынынан ұрланған 3 млн теңге ақша ұрлығы ашылды, оның банктік картасын интимдік қызмет көрсеткен қыз ұрлап алып, ақшалай қаражатқа айналдырған», делінген ақпаратта.

Тексеру барысында 2005 жылдан бері хабар-ошарсыз кетті деп іздеу жарияланған Түркістан облысының тұрғыны  Құлсары қаласынан   дін аман табылды. Сұрау кезінде ол 16 жасында ата-анасымен жанжалдасып үйден кетіп қалғанын айтты. Еліміздің әр қаласында тазалаушы болып жұмыс істеп, жақындарымен қатынасты мүлдем үзген.  Жеке басын куәландыратын құжаты жоқ азаматты  жергілікі полиция қызметкерлері  туыстарына қайтару шарасын жүргізіп жатыр.

Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ