20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер жалғызбасты анаға үй салып берді

0
392

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Төрткүл ауылында тұратын 1985-1986 жылғы туған түлектер мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай 4 баласы бар жалғызбасты анаға үй салып берді  деп хабарлады turkystan.kz.

Тұрғындардың айтуынша, үйдің құрылысы екі ай көлемінде жүргізілген.

Баспананың құрылысы наурыз айында басталып, қазір жалғызбасты ана балаларымен үйге кірді. Бұл түлектердің сыйға тартқан екінші үйі екен деп жазды otyrar.kz.

Олар осы уақытқа дейін ауыл болып қаржы жинап, бір отбасыға үй сатып алып берген.

Ордабасы ауданында 10 ауыл округі, 57 елдімекен бар. Аудан халқының саны – 128 049 адам.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз