Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-Білім

300 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАЛАПКЕР ТҮРКИЯ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

2024-2025 оқу жылында 300 қазақстандық студент Түркия Республикасының Türkiye Bursları гранттық бағдарламасы аясында Түркияның мемлекеттік университеттерінде оқуға мүмкіндік алды.

Бұл бағдарлама – Түркияда жоғары білім алу үшін толық қаржыландыруды қамтамасыз ете отырып, шетелдік студенттерді қолдауға бағытталған негізгі бастамалардың бірі. Әлемнің түкпір-түкпірінен талантты талапкерлерге арналған Türkiye Bursları бағдарламасы 1991 жылдан бері жұмыс істейді.

Осы уақытқа дейін Қазақстаннан бұл грантты 9 мыңнан астам студент иеленген еді. Биылғы оқу жылына арналған грантқа ие болған қазақстандық студенттердің тізімі тамыз айында жарияланды.

Сәйкес жаңалықтар

Жұмыспен қамту көрсеткіші жақсарды

zd_admin

Грант иегері: «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобаны мектеп деңгейінен де ауқымды етуге мүмкіндік берді

Елорданың білім беру жүйесі басқа өңірлер үшін үлгі болуға тиіс