400 тұрғыны бар ауыл төрт жүз мың туристі қалай шақырды?

0
164

Оңтүстік Кореяның «Аварийная посадка любви» сериалының мыңдаған жанкүйері Швейцарияның Изельтвальд ауылына ағылып келуде. Статистикаға сүйенсе, ауылға бір жергілікті тұрғынға шаққанда мың туристен келеді.

400 тұрғыны бар ауыл төрт жүз мың туристі қалай шақырды?

Оңтүстік Кореяның «Аварийная посадка любви» сериалындағы бір көрінісі Изельтвальдте түсірілген. Дораманы көрген көрермен Швейцариядағы ауылға жаппай билет сатып алуда.

Жергілікті туризм кеңсесінің менеджері Тиция Вайландтың айтуынша, өткен жылдан бері шамамен 400 адам тұратын ауылға 400 000-ға жуық турист келген.

Көрерменнің көзайымына айналған сериал алғаш рет 2019 жылдың желтоқсанында эфирге шықты. Пандемиядан кейінгі шектеулер толығымен енді алынғандықтан, сериалдың жанкүйерлері өз армандарын орындап, Швейцарияға саяхаттауды бастады.

400 тұрғыны бар ауыл төрт жүз мың туристі қалай шақырды?

«Изельтвальдтағылардың барлығы туристердің көптеп келуіне қуанышты. Себебі бұл жерде тұрғындардың басым бөлігі туризмді кәсіпке айналдырған. Ауыл тұрғындары да туристердің келуіне үйреніп қалған. Шетел азаматтары көбіне жаз мезгілінде келеді. Бірақ соңғы уақытта қыста да келушілердің саны артқан», – деді  Вайланд.

Изельтвальдтың романтикалық тартымдылығы неде?

Сериалда көрерменнің жүрегін елжіреткен бір көрініс бар. Ол жерде судың жағасында басты рөлдегі азамат фортепианода ойнайды. Дәл сол сәт Швейцарияның Изельтвальд ауылында түсірілген.

400 тұрғыны бар ауыл төрт жүз мың туристі қалай шақырды?

«Біз, оңтүстіккореялықтар солтүстіккореялықтарды жиі кездестіре бермейміз. Бірақ дорамада екі елдің азаматы кездесіп, араларында сезім пайда болады. Кейін  Швейцарияда кездесіп, бірін-бірі сүйіп қалады», – деді Оңтүстік Кореядан достарымен келген Ханей Ли.

Сүйікті сериал немесе фильм түсірілген жерге барып, бәрін көзбен көру көңілге қуаныш сезімін ұялатады дейді 38 жастағы турист.

«Бұл ерекше сезім. Сүйікті актерлердің жүрген жерімен жүру мен үшін үлкен бақыт»,- деді Филиппин тұрғыны Изабель Палиджон.

«Бұл әлемдегі ең романтикалық орындардың бірі деп ойлаймын. Сондықтан мен де бұл елге келдім. Корей кинорежиссерлері өте жақсы таңдау жасаған және бұл ауылдың әлемге танымал болуына септесті», – деді Вьетнамнан саяхаттап келген Мин Ха.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ