9 адамды өлтірген «Қазан атқышы» өмір бойына сотталды

0
167

Татарстанның Жоғарғы соты Қазан қаласындағы мектептердің біріне қару әкеліп, оқушылар мен мұғалімдерге оқ жаудырған Ильназ Галявиевті өмір бойына бас бостандығынан айырды.

«Ильназ Галявиев өмір бойына бас бостандығынан айырылып, өз жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтесін», деді үкімді оқыған судья.

Еске сала кетсек, Қазан қаласындағы №175 гимназияның бұрынғы оқушысы Галявиев 2021 жылдың 11 мамырында аталған білім ошағында атыс ұйымдастырған.

Оқиға салдарынан 7 оқушы мен 2 мұғалім көз жұмды.

Іс бойынша 667 адам жәбірленуші деп танылды. Сотта Галявиев өз кінәсін мойындады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ