Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиПолитика

Қазақстан мен Қытай мәдени-гуманитарлық ынтымағы нығайуда

11 наурызда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚХР Мәдениет және туризм министрлігі арасындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетіне қарасты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 16-отырысы өтті.

Іс-шара онлайн форматта өтті, оған ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов пен ҚХР Мәдениет және туризм вице-министрі Гао Чжэн қатысты.

Екі тарап мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын жан-жақты талқылап, алдыңғы отырыстың хаттамасын жүзеге асыру туралы пікір алмасты.

Отырыста мәдениет пен өнер, радио, телевизия және кино өндіру, аударма және баспа ісі, архив ісі, жастар саясаты, туризм және мәдени мұраны қорғау салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Жиын соңында тараптар Мәдени-гуманитарлық кіші комиеттің 17-отырысына дайындық барысын талқылап, екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға ниетті екендерін білдірді.

Сәйкес жаңалықтар

Библиотеки как «третье место в жизни»: проект TANA и Jaña klub создаёт новую модель общественных пространств в Казахстане

Аналитик: Удержание медиа-инициативы стало ключевым фактором доверия в кризисной ситуации к государству

zamandas69@mail.ru

В 2026 году в Казахстане планируется трудоустроить свыше полумиллиона человек