Елімізге белгілі этнограф Болат Бопай өмірден өтті.
Қаралы хабарды әлеуметтік желіде журналист Біләл Қуаныш жазды.
Қазақ Болат Бопайынан айырылды… Қайран ағам-ай!, — деп жазды ол.
Болат Бопайұлы 1960 жылы ҚХР Шынжаң өлкесі, Алтай аймағы, Көктоғай ауданы, Қуертіс қаласында дүниеге келген.
Болат Бопайұлы кейінгі отыз жылда Қазақтың этнографиялық тақырбын терең қаузап 30-дан астам кітап жазды. «Қазақ кəдесі», «Қазақ мінезі», «Қазақ таныған гүлдер «, «Қазақ аспан есебі»,» Қазақ түс жоруы», «Қазақ наурызнамасы», «Салт-дəстүр сөйлейді», «Бастаудан бахиға дейін», «Қазақтың алғыстары мен қарғыстары», «Ақыт ақиқаты», «Жазу шеберлігі» ,» Шетелдегі қазақ тұлғалары», » Сөз саралау өнері», » Əлдиден эфосқа дейін», «Қазақтың өлшем-мөлшер сөздері», «Қазақ жоқтау жырлары», т.б.
Болат Бопайұлы елге оралған 30 жылда мектептер, коллеждер, университеттер де Қазақ салт-дəстүр тақырыбында 2150 сағаттан артық лекция өткізген. Қазақстанда шығатын газет-журналдарда, барлық сайттарда Қазақ этнографияляқ тақырыбында жазған мыңға жуық ғылыми мақалалары жарық көрген.
Болат Бопайұы Қазақстан Жазушылар Одағының, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақ ұлттық Салт-дəстүр, Əдет-ғұрып Акедемиясының Акедемигі. Танымал Этнограф жазушы, Астролог, Гүлтанушы ғалым, Əдебиет сыншысы. Назарияшы, Ағартушы , ұлағатты ұстаз. Қоғам қайраткері, ҚР «Мəдениет үздігі төс белгісінің» иегері, ҚР құрметті азаматы. «Қазақ халқаралық туристік кешені» жобасының патент иесі, » Қазақ киіз үйі — ғалам мөделі» кітабының авторы.
