Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбщество

Мопедтерді тіркеу қажет

Ішкі істер министрлігі мопедтерді тіркеу қажеттігі туралы ескертті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Министрлік 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтердің жүруіне тыйым салынатынын мәлімдеді. Ал құқық бұзушылық анықталған жағдайда Әкімшілік кодекстің 590-бабының 2-бөлігіне сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

«Мопедті тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Өзіңізбен бірге мынадай құжаттарды алу керек: жеке басты куәландыратын құжат, электронды түрі де жарайды, техникалық құжат немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер. Өтінішті толтырып, мопедті тексеруден өткізіп, көлік құралын тіркеу, тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік нөмір алу үшін мемлекеттік баждарды төлеу қажет», — деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

 

 

 

 

Сәйкес жаңалықтар

“В этом и заключается красота“: глава ФИФА сделал заявление о Казахстане

Роман Скляр вручил государственные награды участникам эвакуации казахстанцев из стран Ближнего Востока

Уникальную пожарную машину для оперативного тушения лесных возгораний создали в Казахстане