БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫНДА: МЕДИАТОРЛАР ЭТНОСАРАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

0
30

Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен этномедиацияға арналған семинар-тренинг өткізіліп жатыр. Бұл танымдық шара этносаралық қарым-қатынас мәдениетін дамытуға, келіссөз жүргізу дағдыларын жетілдіруге және туындауы мүмкін келіспеушіліктердің алдын алуға бағытталған.

Семинардың алғашқы күнінде қатысушылар этномедиация саласының теориялық қыр-сырымен танысты. Тренингті PhD докторы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномедиация кеңесінің төрағасы Сымбат Шәкіров жүргізді. Ол этномедиацияның мәні мен мазмұнын кеңінен түсіндіріп, бұл бағыттың көпэтносты қоғамдағы маңыздылығына ерекше тоқталды.

«Медиацияны, әсіресе этномедиацияны жүргізу кезінде тараптардың мәдени ерекшеліктерін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын ескеру маңызды. Өйткені, әрбір ұлт, әсіресе әрбір адам бірегей. Әрбір деталь маңызды. Оның тәрбиесі, шыққан өңір, өмір жолы. Осы аспектілерді ескере отырып, этномедиация мәдениетаралық келіссөздердің нәзік тұстарына баса назар аудара отырмыз», – деді кеңес төрағасы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі