Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовости

Алатау ауданында аумағы 25 га болатын жаңа саябақ салынады

Алматы әкімдігі ірі құрылыс компанияларын қаланың инфрақұрылымын дамытуға тарту ісін жалғастырып келеді. Әлеуметтік жауапкершілік қағидатын іске асыру аясында RAMS Qazaqstan құрылыс компаниясы Алатау ауданында, Момышұлы көшесінде, Д. Қонаев мешітінің қарама-қарсы бетінде 25 гектар аумақты қамтитын заманауи саябақ салуға 6 млрд теңгеден астам қаржы құюды жоспарлап отыр.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2025 жылы қыркүйекте басталып, 2026 жылы жазда аяқталмақ. Жаңа саябақ Алматының полицентрлік дамуы аясында жайлы қалалық орта қалыптастыруда ерекше мәнге ие болмақ.

Жоба аясында саябақ аумағында көрікті жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары салынып, балалар мен спорт алаңдары, тыныш демалыс аймақтары мен заманауи ландшафтық дизайн элементтері жасақталмақ. Жасыл желекке ерекше көңіл бөлініп, биіктігі 4-6 метрден асатын 500-ден аса ірі ағаш отырғызу көзделген.

Саябақ аймағы әр тұрғынның қажетіне сай ойластырылып, баламен серуендейтін отбасылардан бастап жастар мен қарттарға дейін баршаға қолайлы болмақ.

Алматы әкімдігі әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бизнес өкілдерімен бірлесіп, осындай жасыл желекке толы демалыс орындарын көбейтіп, қала тұрғындарына жайлы орта қалыптастыру ісін табанды түрде жалғастыра бермек.

Сәйкес жаңалықтар

Фотокорреспонденты СМИ провели мастер-класс для студентов ЕНУ в Зеренде

zamandas69@mail.ru

AI становится новой инфраструктурой глобальной экономики: итоги сессии THE NEW ECONOMY: POWERED BY AI на AI & Digital Bridge 2026

В ходе визита Министра торговли и интеграции РК А. Шаккалиева в г. Скопье подписано Соглашение о создании Делового совета между Казахстаном и Северной Македонией