Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиҚоғам

«Конституция – этносаралық келісімнің берік іргетасы» диалог алаңы

2025 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Конституция – этносаралық келісімнің берік іргетасы» атты диалог алаңы өтті.

Іс-шараға Конституциялық Соттың, облыстық және қалалық соттардың, прокуратураның өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, облыстық мәслихат депутаты, Этномедиация кеңесінің мүшелері мен сарапшылар қауымдастығы қатысты.

Кездесу барысында Конституцияның құқықтық мемлекет қалыптастырудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы, сондай-ақ этносаралық келісімді нығайтудағы рөлі жан-жақты талқыланды. Спикерлер еліміздің Ата Заңы барлық азаматтардың тең құқықтылығын қамтамасыз ететін, қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың негізгі іргетасы екенін атап өтті.

Шара аясында қатысушылар өзара пікір алмасып, этносаралық қатынастарды дамыту, құқықтық мәдениетті арттыру және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолдарын сөз етті.

Диалог алаңы Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын нығайтуға бағытталған маңызды алаң ретінде өз маңыздылығын көрсетті.

Сәйкес жаңалықтар

Защита чести государства – дело долга и совести каждого гражданина

Свыше 820 тысяч человек посетили музеи Казахстана в первом квартале 2026 года

Цивилизации в диалоге: духовный смысл современного Шёлкового пути