Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиКультураӨнер

«Астана Балет» театры гастрольдік сапармен Қостанайға барады

12-14 қыркүйек аралығында «Астана Балет» театры гастрольдік сапармен Қостанайға барады. Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының сахнасында астаналық труппа әлемдік классика мен халық хореографиясын және заманауи балетті біріктіретін бірегей бағдарлама ұсынбақ.

12-қыркүйекте елордалық театр Жорж Бизенің «Кармен» операсының негізінде хореограф Альберто Алонсо сахналаған «Кармен-сюита» бір актілі балеті қойылады. Бұл қойылым үшін опера партитурасын композитор Родион Щедрин арнайы лайықтап шығарған. Туынды – ХХ ғасырдағы балет өнерінің нағыз жауһары. Онда қызықты хореографиялық тұжырымдама да, жарқын, контрастқа толы музыка да бар.

Екінші бөлімде көрермен қауым белгілі қазақстандық композитор Карина Абдуллинаның музыкасына Мукарам Авахри қойған «Тағдыр бұлтарыстары» спектаклін тамашалайды. Кеш театрдың бас дирижері Арман Оразғалиев жетекшілік ететін симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді.

14-қыркүйекте филармония сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Тәти қойған «Ұлы Дала мұрасы» дивертисменті көрсетіледі. Бұл концерттік бағдарламада қазақ хореография өнерінің соңғы жетістіктері жинақталып, этнографиялық элементтер, би дәстүрі мен балетмейстерлердің заманауи шешімдері үйлесім тауып, визуалды-көркем эффектер мен ерекше костюмдер көрсетіледі.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді.

Сәйкес жаңалықтар

Агропромышленный комплекс должен стать одной из основных движущих сил экономического роста

Кино в эпоху искусственного интеллекта: в Казахстане пройдет международный AI Film Festival

Главнокомандующий Сухопутными войсками поздравил единственного в Астане ветерана войны