Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиДуховность

Петропавлда Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған көрме өтті

Петропавл қаласында «Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» атты көрме өтті. Көрме Жошы Ұлысының 800 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Көрмеге Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының қорынан тарихи құнды жәдігерлер қойылды. Олардың қатарында Алтын Орда кезеңіне жататын кесенелердің өрнектелген кірпіштері, сол уақыттағы тарихи тұлғалардыі балауыз мүсіндері, Жошы хан кесенесінің макеті, сондай-ақ ортағасырлық монеталар, ескі карталар мен басқа да тарихи құнды жәдігерлер болды.

Қазіргі уақытта Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында Алтын Орда дәуіріне жататын 10-нан астам тарихи ескерткіш сақталған. Атап айтсақ, Жошы ханның кесенесі, Болған Ана, Құлан Ана, Аяққамыр және басқа да маңызды ескерткіштер бар.

Бұл көрме бұрын Астана, Алматы, Түркістан және Жезқазған қалаларында ұйымдастырылды.

Сәйкес жаңалықтар

Адвокат Абай Еркебалан назвал экологическую безопасность одним из конституционных приоритетов

Анар Бурашева стала первой казахстанкой, покорившей все семь высочайших вершин каждого из континентов

Культура участия как выбор:  диалог с Клубами молодых избирателей