Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Новости

«Екі адам қаза тапқан жол апаты»: Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты тергеу аяқталып жатыр

Ішкі істер министрлігінің орынбасары Санжар Әділовтің хабарлауынша, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонованың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының тергеу ісі аяқталуға таяды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазіргі уақытта соңғы кешенді автотехникалық сараптама нәтижесі күтіліп отыр.

ІІМ орынбасары журналистерге берген түсініктемесінде іс ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлімі бойынша тергеліп жатқанын атап өтті.

«Тергеудің негізгі әрекеттері дерлік аяқталды. Сараптама нәтижесіне сәйкес айып тағу немесе істі сотқа жолдау жөнінде шешім қабылданады», — деді Санжар Адилов.

Аталған бап бойынша айыпталушы бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады және кейбір қызмет түрлерін атқару құқығынан айырылуы мүмкін.

Сәйкес жаңалықтар

Интервидение-2025: Казахстан представит Амре и восьмилетнюю Жасмин

О запуске Единой платформы закупок

Токаев – молодежи: сможете вписать свое имя в историю Казахстана