16 жасқа толмаған балаларды әлеуметтік желілерде тіркеуіне тыйым салынады

www.istockphoto.com
Аталған өзгерістер сараптамадан өтіп, қоғамдық талқылауға шығарылды.
Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманың қарастырылып жатқанын жеткізді. Министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі тапсырмалары шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Оны тиімді іске асыру үшін Оқу-ағарту министрлігі және Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп пайдаланушылардың жасын тексеру механизмдерін әзірлеу, қажет болса жауапкершілік шараларын қарастыру жоспарланып отыр.
«Халықтың медиасауаттылығын арттыруға және тәуелсіз БАҚ-ты қолдауға ерекше назар аударылады. Бұл бағытта салалық журналистиканы дамыту комиссиясы және басқа да тетіктер арқылы тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ онлайн-платформалар мен БАҚ арасындағы жарнама бөлу және кейбір тауарларды жарнамалауға тыйымды ішінара алып тастау мүмкіндіктері заңнамалық тұрғыдан қарастырылады», — деп толықтырды Аида Балаева.






