Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиКультураӨнер

Сахна майдангері Сәбит Оразбаев 90 жасқа толды

фото:Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұстаздық жолы арқылы да талай жас актердің кәсіби қалыптасуына жол ашқан дара тұлғаның еңбегі ел жадында.

Бүгін сахна саңлағы, ұлт руханиятының абыз ақсақалы Сәбит Оразбаев 90 жасқа толды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Сәбит Оразбаев – Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында саналы ғұмырын өнерге арнаған дара тұлға. Ол ұлттық театр өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген шынайы шебер.

Жарты ғасырдан астам шығармашылық жолында Сәбит Оразбаев қазақ және әлемдік классикаға, сондай-ақ заманауи драматургияға негізделген 100-ден аса драмалық рөлді сомдап, актерлік өнердің биік үлгісін қалыптастырды. Театр сахнасындағы табанды еңбегі мен кәсіби мектебі кейінгі буынға өнеге болып келеді.

Ұстаздық жолы арқылы да талай жас актердің кәсіби қалыптасуына жол ашқан дара тұлғаның еңбегі ел жадында.

 

Сәйкес жаңалықтар

Цена гуманизма: почему защита бродячих собак для Аружан Саин оказалась важнее детских жизней

Айбек Дадебай обозначил ключевые задачи партии «Әділет»

«Нанесённые собаками укусы или царапины служат источником 99 % случаев заражения людей вирусом бешенства»