Астанада дәстүрлі «Бұрқасын-2026» қысқы фестивалі өтеді

0
24

Астанада биыл 25 жылдығын атап өтетін дәстүрлі «Бұрқасын-2026» қысқы фестивалі ұйымдастырылады. Іс-шара 14 ақпанда Есіл өзенінің жағалауындағы Орталық саябақтағы Кенесары хан ескерткішінің маңында өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фестиваль белсенді демалысқа, спорттық жарыстар мен ерекше эмоцияларға толы үлкен алаңға айналмақ. Іс-шараның басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, қысқы спорт түрлерін насихаттау және салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың басын қосу.

Бағдарлама аясында спорттың 13 түрі бойынша жарыстар ұйымдастырылады. Атап айтқанда: шаңғы жарысы, гір спорты, қол күрестіру, пимамен хоккей, белбеу күресі, мотокросс, автоспорт, арқан тарту, қысқы шағын футбол, қар лақтыру сайысы, қысқы волейбол, мас-рестлинг және көңілді тюбинг жарыстары.

Фестивальге қатысушылар өз мүмкіндіктерін байқап, бағалы сыйлықтар үшін бақ сынай алады.
Қатысушыларды тіркеу 08:30-10:00 аралығында жүргізіледі, жарыстар сағат 10:00-де басталады.
Қатысу – тегін.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • Бағдарламаның әлеуметтік мәні де ерекше