Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиЗакон и порядок

Ұсақ бұзақылық – қоғамдық тәртіпті бұзатын және қоғамға құрметсіздік танытатын әрекеттер

Жедел басқару орталықтарының жұмысы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тиімділігін арттыруға, құқық бұзушылықтармен күресуге, соның ішінде көшелер мен қоғамдық орындарда жасалатын заңсыз әрекеттердің алдын алуға, сондай-ақ полицияның кешенді күштерінің қылмыстар мен азаматтардың хабарламаларына жедел әрекет етуіне бағытталған.

Павлодар қаласында бейнебақылау камералары арқылы урнадан тыс жерге темекі тұқылын тастаған ер адам анықталды. Қала тұрғыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Полицияның мәліметінше, ұсақ бұзақылық – қоғамдық тәртіпті бұзатын және қоғамға құрметсіздік танытатын әрекеттер. Мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу ауыр қылмыстардың жолын кесуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бейнекамералар қоғамдық орындарда мас күйде жүрген азаматтарды да жиі тіркейді. Заңнамаға сәйкес, қоғамдық орындарда мас күйде жүру және алкоголь ішу – әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады. Мас күйдегі адамдар өзіне де, өзгелерге де қауіп төндіруі мүмкін. Қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда 102 нөміріне, «Police 102» мобильді қосымшасы немесе @dp_pavlodar Instagram парақшасы арқылы хабарлауға болады.

Жыл басынан бері бейнекамералардың көмегімен 3 мыңнан астам құқық бұзушылық пен 25 қылмыс анықталды. Барлық кінәлі тұлғалар заң талаптарына сай жауапкершілікке тартылды.

Қаңтар айында «Заң және тәртіп» сервисі арқылы 33 өтініш тіркеліп, оның 18-і жол қозғалысы ережелерін бұзу, 15-і қоғамдық тәртіпті бұзу деректеріне қатысты болды.

Сәйкес жаңалықтар

Aitu на первом заседании Совета по развитию ИИ

zamandas69@mail.ru

От Эминема до звуков домбры: Мендыбай ага преодолел еще 100 километров на пути к Курултаю

В Таразе в рамках акции «Правовая аптека» жителям оказана бесплатная юридическая помощь