ІІМ: Он күн ішінде есірткі сатуға қатысты 48 дерек анықталды

0
94

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ішкі істер органдары жүйелі түрде есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жүргізіп жатыр.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті аумақтық бөлімшелермен өзара іс-қимыл барысында ақпан айының алғашқы онкүндігінде 158 есірткі құқық бұзушылығын анықтады, олардың ішінде 91-і қылмыстық теріс қылық болса, 68-і қылмыс.

10 күн ішінде есірткі сату бойынша 48 фактінің жолы кесілді, аса ірі мөлшерде сақтау бойынша 6 факт анықталды, 2 есірткі зертханасы жойылды, сондай-ақ есірткі контрабандасының және ұйымдасқан қылмыстық есірткі тобының әрқайсысы бойынша бір-бір фактіден тіркелді.

Заңсыз айналымнан 1,7 тонна прекурсор және шамамен 20 келі есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 15 келі каннабис тобына, ал 2 келіден астамы синтетикалық есірткілерге тиесілі.

Жоғары сынып оқушылары мен студенттер арасында есірткіге қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге ерекше көңіл бөлінуде. Онкүндік ішінде 20 мыңнан астам жасөспірімдер мен жастарды қамтыған 430 профилактикалық кездесу өткізілді.

Ішкі істер министрлігі азаматтардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жастарды есірткі ортасына тарту фактілерінің жолын кесуге бағытталған нысаналы жұмысты жалғастырады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • Көкпардан Ұлттық құрама Көшпенділер ойындарына дайындықты күшейткен