Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиЭкономика

Қазақстан өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтты

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді кеңейту және тереңдету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Ол қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы тұрақты және серпінді дамып келе жатқанын атап өтті.

2025 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік өндірісінің көлемі 3,9 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылғы деңгейден 8,1%-ға жоғары; негізгі капиталға салынған инвестициялар 2 есе өсіп, 389,4 млрд теңгеге жетті; 2025 жылғы 11 айда өңделген өнімнің экспорты $3,2 млрд болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 33,8%-ға артық.

Бұдан басқа, АӨК экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнімнің үлесі 52%-ды құрайды. Мұның бәрі өндірісті әртараптандыруға және қосылған құны жоғары өнім үлесін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі, — деді Айдарбек Сапаров.

Сәйкес жаңалықтар

Казахстан — это не только финансовые центры и мегаполисы, в «Ауыл» напомнили любителям «новой экономики» о селе

Моди призвал Индию призвал сограждан экономить бензин, золото и валюту на фоне мирового кризиса

zamandas69@mail.ru

Первый командный чемпионат мира FIDE среди университетов стартовал в Алматы