Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиЭкономика

Жылыойда 62 шақырым автожолға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр

Биыл Ақкиізтоғай, Қара Арна, Қосшағыл және Жем ауылдық округтерінде ауылішілік тас жол құрылысының екінші кезеңі басталды. Бұл жобалар биыл толық аяқталады деп жоспарланған. Бұл туралы Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Майкөмген ауылында жаңа жол құрылысының бірінші кезеңі аяқталды. Қарағай елді мекенінде былтыр басталған 14 км жол құрылысы биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде.
⁃Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде. Шоқпартоғай, Ақкиізтоғай және Тұрғызба ауылдарында электр желілері жаңартылып, іске қосылды. Ал Майкөмген ауылында жоба бойынша конкурс рәсімдері жүргізілуде, — деді аудандық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Дархан Сәдуов.
Өткен жылы Жаңа Қаратон кентінде ұзындығы 7,2 шақырымды құрайтын көше жарығының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар Жем ауылдық округінде 22,9 шақырым болатын ВЛ-0,4 кВт электр желілерін жаңғырту және 7 комплектілік трансформаторлық подстанция орнату жұмыстары басталды.
Ақкиізтоғай ауылында жаңа тұрғын үй алаңдарына электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Қарағай елді мекенінде электр желілерін жаңғыртуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Интернет сапасын арттыру мақсатында былтыр «Қазақтелеком» АҚ Құлсары қаласындағы 2, 3, 4 ауылдар мен «Достық», «Барлаушы», «Кең Жылыой», «Болашақ» ықшам аудандарын толықтай оптикалық желімен қамтыды.

Сәйкес жаңалықтар

По поручению Президента за пять лет инвестиции в образование и науку в Казахстане выросли в пять раз

В Астане проходит субрегиональный семинар ООН по вопросам управления геопространственной информацией

zamandas69@mail.ru

В Казахстане предложили конституционно закрепить специальные правовые режимы для населенных пунктов