ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ҚОҒАМ СЕНІМІ МЕН БИЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІН НЫҒАЙТАТЫН ҚҰЖАТ

0
163

Бүгін Алматы қаласында «Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» тақырыбында сарапшылар форумы өтті.

Іс-шараның мақсаты – жаңартылған Конституция ережелерін жан-жақты сараптамалық талқылау, оны практикалық тұрғыда іске асыру бойынша кәсіби ұсыныстар әзірлеу, конституциялық реформаларды қолдауға бағытталған сарапшылар қауымдастығының ортақ ұстанымын және жаңа Конституция бойынша алдағы референдумды қолдауға бағытталған бірыңғай позицияны қалыптастыру.

Форум аясында саяси партиялардың, ғылыми-сарапшылық қауымдастықтың, мемлекеттік басқару жүйесінің, сондай-ақ медиа және қоғамдық сектор өкілдері сөз сөйледі. Қатысушылар конституциялық реформалардың елдің ұзақ мерзімді дамуына ықпалын, олардың қоғамдық-саяси үдерістердегі рөлін, сондай-ақ конституциялық нормаларды тиімді іске асыру тетіктерін талқылады.

«Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қуаныш Сейтжанов «Ауыл» партиясы жаңа Конституция жобасын толық әрі сөзсіз қолдайтынын, оны елдің саяси және қоғамдық дамуы жолындағы аса маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті.

«Еліміздің жаңа Негізгі заңының жобасы азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен жетекші сарапшылардан түскен ұсыныстарды жан-жақты талдау негізінде, сондай-ақ ашық қоғамдық талқылаулардың нәтижелері мен жаңа нормалар мен ережелерді егжей-тегжейлі пысықтауды ескере отырып әзірленді», – деді Қуаныш Сейтжанов.

«Ауыл» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары Айгерім Сарсенбаева өз сөзінде жаңа Конституция жобасы елдің ұзақ мерзімді даму бағдарларын айқындайтын стратегиялық құжат екенін атап өтті.

«Ұсынылып отырған өзгерістер әділеттілікке, билік жауапкершілігін арттыруға және мемлекеттің құқықтық негіздерін нығайтуға бағытталған қоғамдық сұранысты көрсетеді, сондай-ақ заманауи әрі орнықты саяси жүйені қалыптастыруға негіз болады», – деп атап өтті ол.

Іс-шараға сондай-ақ саясаттанушы Даурен Пірімбетов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Айнур Идрисова, продюсер әрі журналист Ұлпан Құрайысова қатысып, талқыланған тақырып бойынша өз пікірлерін білдірді.

Баяндамалардан кейін кәсіби пікір алмасуға және ұсыныстар әзірлеуге бағытталған сараптамалық талқылау сессиясы өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар бірауыздан жаңа Конституция – қауіпсіз, таза әрі әділетті мемлекет құрудың берік іргетасын қалайтын стратегиялық таңдау деген тұжырымға келді.

Сарапшылар форумы мазмұнды ұсыныстар әзірлеуге, кәсіби диалогты дамытуға және мемлекеттің орнықты даму бағытын қолдауды нығайтуға ықпал еткен маңызды алаңға айналды.

 

«Ауыл» партиясы» Баспасөз қызметі

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Кез келген адам таксист бола алмайды. Таксистерге қойылатын талап күшейеді


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213