Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиСпорт

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

gov.kz

Анталия қаласында (Түркия) G-2 санатындағы Turkiye Open халықаралық турнирі өтті. Дүбірлі додаға әлемнің 21 елінен 175 үздік спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша алматылық спортшы Камиля Досмалова жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды.

Камиля Досмалова пара таеквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол Парижде өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарында бесінші орын иеленіп, халықаралық аренадағы жоғары деңгейін дәлелдеген болатын.

Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, спортшы халықаралық сайыста жоғары шеберлік танытып, Алматы мен Қазақстанның абыройын лайықты түрде қорғады.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкент поддерживает курс на Справедливый Казахстан – Коалиция

Новая Конституция РК в полном объеме обеспечивает защиту прав и интересов лиц с инвалидностью – Ляззат Калтаева

“В этом и заключается красота“: глава ФИФА сделал заявление о Казахстане