Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовостиКультураДуховность

Апталықтың алғашқы күніне 20 мыңға жуық адам қатысты

фото:gov.kz

Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған апталық аясында алғашқы күн «Артық білім кітапта» атауымен өтті.

Атаулы күнде республика бойынша кітап оқуды насихаттауға және қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, ҚР Ұлттық кітапханасында ашық есік күні өтіп, көпшілікке кітаптың көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихы таныстырылды. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында сирек кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, жаңа басылымдардың таныстырылымы өтті. Түркістан облысының кітапханаларында апталықтың ашылу рәсімі өтіп, келушілер кітап көрмелері мен концерттік бағдарламаны тамашалады. Павлодар облысында әдеби кештер мен кітап алмасу акциялары ұйымдастырылды.

Жалпы ел бойынша 400-ден астам іс-шара өткізіліп, оған 20 мыңға жуық адам қатысты.

Сәйкес жаңалықтар

Коалиция: предстоящий референдум станет историческим событием

Опыт Казахстана по внедрению e-Qyzmet представлен на международной платформе OPSI OECD

Древний след степной цивилизации: в Мангистау исследуют город с двухтысячелетней историей