Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовостиКультураДуховность

Айыртау ауданында 13-ші цифрлық хаб ашылды

СҚО IT-орталықтар желісін кеңейтуде.

Облыста жүзеге асырылып жатқан Digital Aimaq жобасы қорытынды кезеңіне аяқ басты. Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында Ботай мәдениетінің археологиялық мұрасы мен заманауи технологияларды ұштастырған инновациялық BotAi CREATIVE IT CENTER орталығы өз жұмысын бастады.

Жаңа BotAi CREATIVE IT CENTER ерекше тұжырымдамамен ашылды. Орталық республикалық «Ботай» музей-қорығымен бірлесіп жұмыс істейді. Оның ішіне:

• Робототехника және ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару аймақтары;

• GameDev (ойын әзірлеу) және медиаөндіріс студиялары;

• Киберспорт алаңы мен коворкинг кеңістігі;

• Бағдарламалау негіздерін оқытатын IT-сыныптар кіреді.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, орталықтардың жұмысы нақты KPI көрсеткіштеріне бағытталған. Негізгі мақсат – жаңа жұмыс орындарын ашу және жасанды интеллектіні экономиканың нақты секторына енгізу.

Туристік әлеуеті жоғары Айыртау ауданы үшін бұл IT-орталық туристік қызметтерді цифрландыру мен қауіпсіздік сервистерін дамытуға серпін береді.

Орталықтың ашылуы аясында дрон технологияларын енгізу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен аудан кәсіпкерлерінің цифрлық құзыреттерін дамыту жөнінде бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

Сәйкес жаңалықтар

Атырау — индустриальный центр с мощным потенциалом для бизнеса и инвестиций. Рабочая поездка Каната Шарлапаева

«Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

zamandas69@mail.ru

Свыше 820 тысяч человек посетили музеи Казахстана в первом квартале 2026 года