ТЖМ басшысы Алакөл жағалауындағы құтқару бекетіне барды

0
28

Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов жұмыс сапары барысында Алакөл көлінің жағалауындағы құтқару бөлімшесіне барды. Жаңа нысанды аралауға облыс әкімі Берік Уәли де қатысты.

Нысан негізгі бөлімшеден шамамен үш шақырым қашықтықта орналасқан. Аумақта қызметкерлер тәулік бойы кезекшілік атқаратын модульдік ғимарат орнатылған. Мұндай орналасу су айдынында және жағалау бойында туындайтын оқиғаларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Кезекшілік тәулік бойы ұйымдастырылған. Ішінде жұмыс істеуге және демалуға барлық жағдай жасалған. Жасанды интеллект элементтері бар бейнебақылау жүйесі орнатылған, ол акватория мен жағалаудағы жағдайды нақты уақыт режимінде бақылап отырады.

Сапар барысында министр жаңа құтқару катерлерін, қызметкерлердің жабдықтары мен киім-кешегін қарап шығып, олардың міндеттерді орындауға дайындығын бағалады. Техника мен жабдықтар шомылу маусымы кезінде жергілікті тұрғындар мен туристердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Жыл сайын Алакөлге 120 мыңнан астам демалушы келеді.

Оқи отырыңыз