Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласындағы Олимпиадалық стадионда U18 санаты бойынша жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында Орталық Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Халықаралық додаға Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінен 250-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс барысында спортшылар жеңіл атлетиканың 39 дисциплинасы бойынша бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшысы Мұрат Нұрболсын 3000 метр қашықтықта жоғары нәтиже көрсетіп, чемпион атанды. Ол жарыстың алғашқы сәттерінен бастап көш бастап, мәреге дейін қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, сенімді жеңіске жетті. Жас спортшы бұған дейін де республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғап келеді.

Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласындағы Олимпиадалық стадионда U18 санаты бойынша жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында Орталық Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Халықаралық додаға Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінен 250-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс барысында спортшылар жеңіл атлетиканың 39 дисциплинасы бойынша бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшысы Мұрат Нұрболсын 3000 метр қашықтықта жоғары нәтиже көрсетіп, чемпион атанды. Ол жарыстың алғашқы сәттерінен бастап көш бастап, мәреге дейін қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, сенімді жеңіске жетті.

Жас спортшы бұған дейін де республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғап келеді.

Сәйкес жаңалықтар

ИГРОКИ ФУТБОЛЬНОГО КЛУБА «КАЙСАР» ПРОГОЛОСОВАЛИ НА ВЫБОРАХ В КУРУЛТАЙ

Вы когда-нибудь видели футбол, который начинается на экране, а заканчивается на реальном поле?

Рыбакина назвала причину поражения в 1/4 финала Уимблдона