Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяҚоғам

Астанада инклюзивті «Көңілді старттар» өтті

Балаларды оңалтудың ұлттық орталығында (БОҰО) инклюзивті «Көңілді старттар» өтті. Іс-шара Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Спорттық мерекені Паралимпиадалық жаттығу орталығы Балаларды оңалтудың ұлттық орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Кішкентай спортшылар «Көңілді старттарға», командалық ойындарға қатысып, армрестлингтен бақ сынады, сондай-ақ асық ату ойынын ойнады.

Балаларды мерекемен Астанаға халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға келген Еуропа мен Азияның жетекші дәрігер-реабилитологтары құттықтады.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай іс-шаралар инклюзивті спортты дамытуға, балалардың өз күшіне деген сенімін нығайтуға және жағымды әлеуметтік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.

«Көңілді старттарға» қазір Балаларды оңалтудың ұлттық орталығында оңалтудан өтіп жатқан пациенттеріміз қатысып жатыр. Олардың қатарында балалар церебралды сал ауруына шалдыққан балалар, аутизмі бар балалар және ерекше қажеттілігі бар бүлдіршіндер бар. Қазіргі уақытта бізде Қазақстанның барлық өңірінен келген 600 бала бір мезгілде ем қабылдап жктыр. «Старттар» – біздің дәстүрлі спорттық іс-шарамыз. Бұрын оны өткізу үшін арнайы ғимарат жалдайтынбыз, ал биыл спорттық мерекені орталық аумағында, ашық аспан астында ұйымдастыруды жөн көрдік. Балаларға бәрі ұнайды, мұнда жарыс та, концерт те, тәтті дәм де бар, – деді аға дәрігер-невролог Жұлдыз Елеусізова.

Сәйкес жаңалықтар

Рыбакина назвала причину поражения в 1/4 финала Уимблдона

В Казахстане не будет «оккупасов» – эксперт развенчал миф о запрете на выселение

zamandas69@mail.ru

Коалиция: предстоящий референдум станет историческим событием