Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовостиСпорт

Елордалық спортшы Азия чемпионы атанды

Түркістанда байдарка мен каноэде есуден U18 және U23 жас санаттары, сондай-ақ параканоэден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған елордалық спортшы Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарысқа 15 елден 300-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынап жатыр.

Құрлықтық доданың екінші күнінде Астана қаласының спортшысы Эвелина Костенко жоғары нәтиже көрсетіп, байдаркамен есуден U18 санатындағы қыздар арасында К1 200 метр қашықтықта алтын медаль жеңіп алды. Осылайша ел намысын қорғаған жерлесіміз өз санатында Азия чемпионы атанды.

Бүгінгі финалдар әлі жалғасып жатыр.

Айта кетейік, аталған Азия чемпионаты 7 маусымға дейін жалғасады.

Сәйкес жаңалықтар

Ерлан Карин: гармонизация законодательства олицетворяет начало нового этапа развития страны

Казахстан вошел в топ-50 крупнейших экономик мира с ВВП $319 млрд

Принципы научной деятельности должны быть регламентированы Конституцией