Атырау облысының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу ісіне жастардың белсенді түрде атсалысуын көздейтін «Киелі мекен» тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау клубы өз жұмысын бастады.
Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қолдауы аясында «Жеті жарғы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен басталды.
Клуб жұмысы жастардың өлке тарихын терең тануына, тарихи орындардың тағылымын ұғындыруға және ұлттық мұраны ұлықтауға бағытталады.
Жоба аясында дәрістер, семинарлар, өлкетану экспедициялары және тарихи нысандарды сақтау мен дәріптеуге бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Сондай-ақ өңірдегі киелі орындар мен мәдени мұра нысандары туралы танымдық материалдар дайындалып, олардың маңызын халыққа кеңінен таныту мақсатындағы жұмыстар жүргізіледі.
