Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбщество

Адамдардың әрбір жылы сөзі мен ықыласы маған алға қарай жүруге күш береді

Баршаңызға ассалаумағалейкум! 🇰🇿

Бүгін шамамен 110 шақырым жолды еңсердім. Бұл күн маған талай жылы кездесу сыйлап, жолымды жалғастыруға одан сайын күш-қуат берді.

Аршалыда тұрғындар менің келуімді күтіп, тынығып алуыма мүмкіндік беріп, ақ жол тіледі. Ең есте қалғаны, олар мені жай ғана шығарып салмай, жолдың бір бөлігін бірге жүгіріп өтті. Сол сәтте «Құрылтайға жол» бәрімізге ортақ сапарға айналып келе жатқанын сезіндім.

Жол бойында жүргізушілер көліктерін тоқтатып, қайда бара жатқанымды сұрап, көмек ұсынды. Адамдардың әрбір жылы сөзі мен ықыласы маған алға қарай жүруге күш береді.

Ал Осакаровкада мені құрметті қонақтай қарсы алып, дастарқанға шақырды. Кент тұрғындарына қонақжайлығы, қолдауы және ақжарма тілектері үшін көп рақмет! Осы жерде түнеп, таңертең Алматыға қарай жолымды қайта жалғастырамын.

Бүгін тағы бір мәрте көзім жетті: жұрт жұмыла қолдаса, ең қиын жолдың өзі жеңілдей түседі. 23 тамызда өз таңдауымды жасау үшін жүгіруімді жалғастырып келемін. Осы күн әрқайсымызға ел болашағы жеке жауапкершіліктен басталатынын еске салсын.

Сәйкес жаңалықтар

«Главные дебаты – 2026»: лидеры семи партий встретятся на площадке 24KZ

zamandas69@mail.ru

От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана

Казахстан примет Чемпионат мира по киберспорту – 2027

zamandas69@mail.ru