Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовостиСпорт

Елордалық гимнастар Қазақстан чемпионаты мен ел кубогында 23 медаль жеңіп алды

Шымкент қаласында өткен көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының кубогы мен ел чемпионатында астаналық спортшылар 23 жүлделі орынға ие болды. Оның 11-і алтын, 7-еуі күміс және 5-еуі қола, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Республикалық додаға еліміздің 15 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 400-ден астам спортшы қатысты. Жарыста спорт шеберлері мен спорт шеберлігіне үміткерлер жеке және топтық жаттығулар бойынша бақ сынады.

Қазақстан Республикасының кубогында елордалық гимнастар 9 жүлделі орынға ие болды. Оның 3-еуі алтын, 2-еуі күміс және 4-еуі қола.
Спорт шеберлігіне үміткерлер арасындағы топтық көпсайыста «Пантеры» командасы алтын, «Самғау» командасы қола жүлде жеңіп алды. Ал спорт шеберлері арасында «Фурор» командасы бірінші, «Золото» командасы үшінші орынға ие болды.

Жеке көпсайыста спорт шеберлері арасында Айғаным Рысбек күміс, Дария Кушербаева қола жүлдегер атанды. Спорт шеберлігіне үміткерлер арасында Анель Динишева алтын, Анна Рубцова күміс, Эвелина Белокурова қола медаль иеленді.

Қазақстан Республикасының чемпионатында елордалық спортшылар 14 жүлделі орынға ие болды. Оның 8-і алтын, 5-еуі күміс және 1-еуі қола.
Топтық жаттығуларда «Пантеры» командасы бес доппен жаттығуда алтын, бес таспамен жаттығуда күміс медаль жеңіп алды. Ал «Фурор» командасы бес доппен, сондай-ақ шығыршықтар мен шоқпарлар бағдарламасында екі алтын жүлдеге қол жеткізді.

Жеке жаттығуларда Айғаным Рысбек доппен жаттығуда алтын, шығыршықпен күміс және таспамен қола медаль иеленді. Дария Кушербаева таспамен, София Куряченко доппен жаттығуда күміс жүлдегер атанды.

Спорт шеберлігіне үміткерлер арасында Анель Динишева доппен, ұршықпен және таспамен жаттығуларда үш алтын, шығыршықпен жаттығуда бір күміс медаль жеңіп алды. Анна Рубцова шығыршықпен жаттығуда ел чемпионы атанды.

Сәйкес жаңалықтар

Tesla Cybertruck будут дежурить на саммите ОТГ в Туркестане

ЦБД показал, как создаются вирусные дипфейки с участием знаменитостей

В аэропорту Берлина отменены вылеты всех рейсов