Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяГлавнаяДуховностьИнтервьюНовостиПолезные советыПолитикаЭкономика

ШҚО-да бір күнде 6 өрт болды

Сурет inform.kz алынды

Шығыс Қазақстан облысында бір күнде 6 өрт шықты, — деп хабарлайды Zamandas.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 26 қазан күні Алтай ауданы Соловьево кентіндегі шаруа қожалығының қорасы өртенген. Жалынның жалпы ауданы 9 шаршы метрге жеткен.

«Сол күні Риддердегі Бутаково ауылында монша жанды. Өрт көршілес орналасқан қараусыз қалған үй мен шаруашылық қора-жайға жайылды. Құтқарушылар жалпы ауданы 80 шаршы метрді құраған тілсіз жауды өшірді. Өрттің шығуына – отты абайсыз қолдану себеп болуы мүмкін», — делінген ақпаратта.

Глубокое ауданындағы Тоқтаров көшесінде жеке тұрғын үй ауласында орналасқан қора-жайдың ағаш құрылымдары отқа оранған. Қызыл жалын 40 шаршы метр алаңдағы құрғақ шөпке де тарап кетті.

«Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер отты көп ұзамай ауыздықтады. Сондай-ақ осы күні Үржар және Катонқарағай аудандарында жер үйде өрт шыққан. Бұдан бөлек, Көкпекті ауданында жеке тұрғын үйдің ауласында 3 тонна шөп өртенген», — делінген хабарламада.

Сәйкес жаңалықтар

Три тысячи женщин в регионах получили помощь в пансионатах для беременных

В Астане прошло яркое и по-настоящему праздничное спортивное событие среди детей с РАС , велозаезд «Jingle Ride» — объединивший спорт и новогоднюю атмосферу.

zamandas69@mail.ru

В рамках заседания глав делегаций стран-участниц Среднего коридора подписаны ключевые соглашения