Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Главная

Армрестлинг: Маңғыстаулық спортшы күміс жүлде алды

Румынияда өткен армрестлингтен Әлем чемпионатында маңғыстаулық Гаухар Жанғазы күміс жүлдеге ие болды, — деп хабарлайды zamandas.kz сайты mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

25 қараша күні басталған жарыс бүгін аяқталды. Әлем чемпионатына 44 елден келген спортшылар қатысты.

Нәтижесінде, Гаухар Жанғазы 45 келі салмақта сынға түсіп, оң қолдан 2-орын, сол қолдан 3-орынды еншіледі. Жаттықтырушысы – Мұстафа Нарынбаев.

Біз бұған дейін қарақиялық спортшы Гаухар Жанғазының әлем чемпионатына қатысатынын жазған болатынбыз. Ол Құрықта №6 мектепте 9-сынып оқиды. Осы уақытқа дейін бірнеше жарыстарда ел намысын қорғап, жетістіктерге жеткен.

Сәйкес жаңалықтар

Партии обсудили в регионах вопросы оплаты труда, производства и социальной сферы

В КАЗАХСТАНЕ СОЗДАЕТСЯ НОВАЯ СИСТЕМА ЗАЩИТЫ СРЕДСТВ ОСМС ОТ НЕОБОСНОВАННЫХ ВЫПЛАТ

В Генеральной прокуратуре состоялось заседание Координационного совета Республики Казахстан