Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Образование

Мектеп оқушылары үшін соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады

Жуырда мәжіліс депутаттары мектептердегі соңғы қоңырау күнін кейінге шегеру мәселесін қозғаған еді. Оқу-ағарту министрлігі депутаттардың бұл үндеуіне жауап берді.

«Қазақстан мектептерінде оқу жылының ұзақтығы 36 аптаны құрайды. Баршамызға белгілі, оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Биылғы оқу жылы 31 мамырда аяқталады. 31 мамыр – мектеп күні, сабақтан басқа балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сыныптан тыс шаралар өткізіледі. 1 маусымда балалар ресми түрде соңғы қоңырауға шығады. Бұл күн Халықаралық балаларды қорғау күні. Осы мерекемен қатар соңғы қоңырау соғылады», деп түсіндірді Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

Еске салайық, 18 қаңтарда Мәжіліс депутаты Аманжол Алтай соңғы қоңырауды басқа күнге ауыстыруды ұсынып, депутаттық сауал жолдаған еді.

Сәйкес жаңалықтар

Исторический триумф Казахстана: пять золотых медалей на самой престижной олимпиаде по физике

Казахстан закрепился в глобальном топ-20 по образованию, усиливая позиции среди развитых систем

Аида Балаева ознакомилась с TopIQ Smart Class в столичной школе