Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Главная

Тоқаев Түркия халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты осы елдің Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Түркия Республикасында болған аса күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бүкіл түрік ағайындарымыздың ауыр қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар Президент Қазақстанның Түркияға тиісті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, Түркияда 7 балдық жер сілкінісі болып, 70-тен астам адам қаза тапты. Жараланғандар саны да өсіп жатыр. 

Сәйкес жаңалықтар

В КАЗАХСТАНЕ СОЗДАЕТСЯ НОВАЯ СИСТЕМА ЗАЩИТЫ СРЕДСТВ ОСМС ОТ НЕОБОСНОВАННЫХ ВЫПЛАТ

В Правительстве состоялось первое заседание Совета по развитию инноваций

Полицейские выстрелом пробили колесо авто сбегающего текелийца

zamandas69@mail.ru