Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Асхат Аймағамбетов Мәжіліс сайлауына кандидат ретінде ұсынылды

«AMANAT» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізіміне Қазақстан Республикасының бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бекітілді. Бұл туралы партия съезі барысында белгілі болды.

«Бізді алда үлкен науқан күтіп тұр. Бұл бәріміз үшін үлкен сынақ. Партия өзгеріп жатыр, биыл ұсынылған депутаттардың 75 пайызы жаңа адамдар. Бұл белсенді адамдар, өз ісінің мамандары. Менің ойымша, бұл адамдар елімізді әлі де өзгертеді. Жаңадан келген депутаттар ең күрделі мәселелерді, халықтың мәселесін көтеріп, еліміздің одан әрі дамуына үлес қосады деген ойдамын. Қоғам өзгереді, заңдар өзгереді, біз де өзгеріп жатырмыз», деді өз сөзінде Асхат Аймағамбетов.

Делегаттар күн тәртібін бекітті. Съезд барысында партияның сайлауалды бағдарламасын бекіту жоспарланды.

Сәйкес жаңалықтар

Труд каждого в общем результате: автомобили отечественного производства сошли с конвейера и выстроились в дату выборов

Тараз – тарихтың шежіресі, мәдени мұраның қайнар көзі, көп үнді қолөнершілер қаласының рухы

zamandas69@mail.ru

Президент отметил важную роль печатных СМИ в сохранении традиционных ценностей