Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Главная

Алматы облысында пара алған шенеуніктер ұсталды

Алматы облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратураның үйлестіруімен шағын бизнес субъектілеріне фармацевтикалық бақылау саласындағы лауазымды тұлғалардың жемқорлық қызметін тоқтатты.

«Осылайша, жүйелі түрде пара алуда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің басшысы мен бөлім басшысының міндетін атқарушы әшкереленді. Олардың заңсыз талабы бойынша шағын бизнес өкілдерінен фармацевтикалық қызметті (дәріхана бизнесін) жүзеге асыруға бас лицензиялар мен оларға қосымшалар бергені үшін жалпы сомасы 850 000 теңгеге пара алынғаны анықталды», деп жазылған хабарламада.

Антикор жемқорлықтың жолын кесу және анықтау, сондай-ақ бизнесті қорғау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

В Глубоковском районе проходит театрализованный конкурс «Мой выбор — закон»

В Казахстане на 100 железнодорожных вокзалах завершены строительно-монтажные работы

Президент Узбекистана передал Президенту Казахстана ряд исторических документов

zamandas69@mail.ru