Доллар бағамы 2,91 теңгеге қымбаттады

0
251

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,91 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 447,68 теңге.

Ұлттық банктің 20 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 444,23 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,96 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 446,5 теңге, сатып алу – 450 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 447,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 450,5 теңге. Ресей рублі 6,01 – 6,06 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз