Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Политика

Тоқаев парламенттің бірінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы 29 наурызда өтеді.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін: Сегізінші сайланған парламенттің бірінші сессиясы 2023 жылғы 29 наурызда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын», — делінген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бүгін, 27 наурызда Орталық сайлау комиссиясы 19 наурызда өткен мәжіліс сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады. Оған сәйкес мәжіліске алты партия – Amanat, Ауыл, Respublika, Қазақстан халық партиясы, «Ақ жол», Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өтті.

Депутаттық мандаттар саяси партиялар арасында былай бөлінді:

Amanat партиясы – 40;

«Ауыл» партиясы – 8;

Respublika партиясы – 6;

Қазақстан халық партиясы – 5;

«Ақ жол» партиясы – 6;

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 4.

Қалған 29 депутат мәжіліске бір мандатты округтер бойынша сайланды.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанда омбудсменнің құзыреті артады

zamandas69@mail.ru

Глава государства направил телеграмму соболезнования Королю Испании

zamandas69@mail.ru

Елімізде базалық зейнетақы көлемі 16 пайызға өсуі мүмкін

zamandas69@mail.ru