ҚР АҚДМ ұйымдастырған «Медиа этика мен балалар құқығын қорғау» атты дөңгелек үстелде қабылданған ұсыным

0
243

«Медиа-этика және балалар құқықтарын қорғау» дөңгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша ұсынымдар

Біз, 2023 жылғы 24 сәуірде Астана қаласында өткен «Медиа-этика және балалар құқықтарын қорғау» дөңгелек үстелінің қатысушылары, Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғаудың ерекше маңыздылығын және Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың осы мәселе бойынша берген тапсырмаларын басшылыққа ала отырып, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының бала құқықтарын қорғауға бағытталған шараларды әзірлеудегі күш-жігерін жұмылдыру қажеттілігін ескере отырып, медиа кеңістікте жариялау контекстінде кәмелетке толмағандармен байланысты буллинг, кибербуллинг, суицид, зорлық-зомбылық жағдайларының көбеюіне қатысты жұртшылықтың алаңдаушылығын қаперге ала отырып, дөңгелек үстелге қатысушылардың ұсыныстарын талдап, төмендегі ұсынымдарды жасау туралы келістік:

1. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1989 жылғы 20 қарашадағы қарарымен қабылданған «Бала құқықтары туралы Конвенцияның» Ережелерін басшылыққа алу;
2. Мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық коммуникация құралдарының балалармен байланысты құқыққа қайшы жағдайларды жариялау контекстінде жұртшылықтың медиа-сауаттылығын арттыру жөніндегі күш-жігерін біріктіру;
3.1 «Қазақстан Республикасындағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» Ұлттық баяндама шеңберінде БАҚ-тың балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алудағы ықпалы тақырыбында зерттеу жүргізуді көздеу;
3.2 балаларға қатысты зорлық зомбылықтың алдын алу тақырыбында семинар мен тренингтер ұйымдастыру;
3.3 журналистерге балаларға қатысты зорлық-зомбылық және суицид фактілерін жария ету бойынша халықаралық құжаттардың ережелерін және қалыптасқан тәжірибені ескере отырып нұсқаулық әзірлеу (балалардың жеке деректерін жария етуге тыйым салу, шамадан тыс егжей-тегжейді жарияламау және т.б.);
3.4 балаларға бағытталған және балалардың қатысуымен жасалған контент әзірлеу.
1. медиа-кеңістікте бала құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған гранттарды қарастыру;
1. телеарналарда өндірілетін сериалдық өнім шеңберінде Балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған тақырыптық желілерді көздеу;
2. бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы айдарлар, бөлімдер ашыла отырып, материалдар (мақалалар, сюжеттер, деректі фильмдер, бейнероликтер) санын ұлғайтуды қамтамасыз ету;
3. бұқаралық ақпарат құралдарындағы медиа-этика жөніндегі тұрақты комиссия құру.
Осы ұсынымдардың іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелсін.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз