Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Дзюдодан әлем чемпионаты отандық телеарналардан көрсетіледі

Жаһандық дода 7-14 мамыр аралығында Доха (Катар) қаласында өтеді. Спортсүйер қауым чемпионатты «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге тиісті рейтингтік ұпайлар үлестіріледі. Әлем чемпионы – 2000, күміс жүлдегер – 1400, ал қола жүлдегер 1000 ұпайға ие болады.

Дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы:

Ерлер:

60 келі: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев

66 келі: Ғұсман Қырғызбаев

73 келі: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев

81 келі: Абылайхан Жұбаназар

90 келі: Дидар Хамза, Айдар Арапов (mix team)

100 келі: Нұрлыхан Шархан

100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Ғалымжан Қырықбай

Әйелдер:

48 келі: Абиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева

52 келі: Толғанай Әбеуова

57 келі: Бақыт Құсақбаева

63 келі: Эсмигуль Куюлова

70 келі: Анастасия Маякова

78 келі: Аруна Жангельдина

78 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова.

Сәйкес жаңалықтар

Таеквондист Батырхан Толеугали успешно стартовал на турнире за олимпийскую лицензию

Казахстан продолжает укреплять позиции на мировой спортивной арене

zamandas69@mail.ru

«Чемпионы на льду»: мировые фигуристы устроили шоу в столице