Орталық Азия және Қазақстан азаматтары Esil университеті дипломымен бірге CMI сертификатын алатын болады.

0
426

Орталық Азияда алғаш рет қазақстандық Esil университеті Chartered Management Institute (CMI, Ұлыбритания) ең беделді кәсіби менеджмент қауымдастығымен келісімге қол қойды.

Ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қою рәсіміне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Esil University қамқоршылық кеңесінің және директорлар кеңесінің мүшелері, Астана қаласы ЖОО өкілдері, сондай-ақ Esil University қызметкерлері мен студенттері қатысты.

Бұған дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан үшін шет ел тәжірибесі «ғажайып мүмкіндік» тудыратыны туралы  айтып өткен, өйткені соңғы кезде әлемде халық санының өсуі байқалады, сондықтан біздің елімізде білім нарығының мүмкіндігі орасан зор. Бұл бастамалар  «білім беруде орын ауыстыру» күшейіп, еліміздің басқа да елдер үшін білім беру орталығына айналуына жағдай туғызады.

Университеттің «Менеджмент», «Мемлекеттік муниципалды басқару» мамандықтары бойынша білім беру жоғары стандартқа сай болуына байланысты CMI біздің Esil University-ді стратегиялық серіктес ретінде таңдады. Осылайша, әлемдік стандартқа сай білікті басқарушыларды даярлау жүргізіледі.

CMI орталықтары Лондон бизнес және қаржы мектебінде, Кембридж аймақтық колледжінде, Бристоль қалалық колледжінде, Король университетінде (Бахрейн) және басқада жоғарғы оқу орнындарында  ашылған.

«Кәсіби сертификаттау жүйесіндегі университеттер: халықаралық деңгейге шығу» атты дөңгелек үстел барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ұлттық біліктілік жүйесін дамыту шаралары жайында әңгімеледі. Білім беру бағдарламаларының кәсіби стандарттарын әзірлеу барысында жұмыс берушілердің қатысуы тиіс екенін айтты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар басқару және экономикалық бейіндегі бағдарламалардың студенттері үшін CMI сертификатын енгізу Esil University студенттеріне ұйымды тиімді басқару ғана емес, сонымен қатар сертификатталған менеджерлердің жаһандық қауымдастығының бір бөлігі болуға және тиісінше отандық, әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Құрметпен,

Тамирис Әбділдина

Esil University баспасөз қызметі

+7 771 546 97 23

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Балалар ортасында қылмыстарға жол жоқ


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213