Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасының финалына шықты

Англияның «Манчестер Сити» клубы футболдан UEFA Чемпиондар лигасының финалына шықты деп хабарлады turkystan.kz.

Жартылай финалдық ойында «Манчестер Сити» (Англия) мен «Реал Мадрид» (Испания) командалары кездесті. Нәтижесінде бірінші кезеңде англиялық Бернарду Силва 23, 37-минутта қарсылас қақпасына қос гол соқты.

Екінші кезеңде Мануэль Аканжи 76, Хулиан Альварес 91-минутта тағы екі гол енгізіп, қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсті.

Бірінші кездесуде 1:1 есебі тіркелген еді.

Айта кетейік, бұдан бұрын италиялық «Интер» финалға жолдама алды.

Финал Түркияның Стамбул қаласындағы Олимпиадалық стадионында 10 маусым күні өтеді.

Сәйкес жаңалықтар

В Астане прошел красочный парад всадников в преддверии Всемирных игр кочевников

“В этом и заключается красота“: глава ФИФА сделал заявление о Казахстане

Официальное разъяснение Дирекции развития спорта относительно финансирования Михаила Шайдорова