Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Главная

Дубайда Ай пішінінде зәулім ғимарат салынады

Ерекше архитектуралық шешімдерімен танымал Дубай қаласында Ай салынбақшы. Жер серігінің репликасында керемет қонақүй, спорт сарайы және тағы басқасы орналасады, деп хабарлайды AP News сайты.

Канадалық кәсіпкер және Moon World Resorts Inc. сәулет компаниясының тең негізін қалаушы Майкл Хендерсон 274 метрлік айдың көшірмесін салуды ұсынып отыр. Ол 30 метрлік ғимараттың жоғары жағына орналастырылады. Жоба құны 5 миллиард АҚШ долларынан асады.

Хендерсон ұсынған жоба «Ай» деп аталады.

Сфералық құрылымның ішінде 4 000 нөмірлі қонақүй мен курорт, 10 000 адамды қабылдай алатын спорт сарайы, сондай-ақ қонақтар айда серуендей алатын «ай колониясы» болады.

30 метрлік тұғырда орналасқан «Ай» түнде жарқырап тұрады.

«Ай» әлемдегі ең биік 828 метрлік ғимарат – Дубайда орналасқан Бурдж-Халифа зәулім ғимаратына керемет үйлесім болмақ.

Фото: AP

Сәйкес жаңалықтар

Инновационный реабилитационный экзоскелет выходит на рынок

Марат Султангазиев обсудил с коллективом индустриально-логистического центра «ДАМУ» вопросы верховенства закона и устойчивого развития

В АСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ТОРЖЕСТВЕННАЯ ЦЕРЕМОНИЯ ЗАКРЫТИЯ МЕЖДУНАРОДНОГО КОНКУРСА «COUPE MONDIALE 79»