Әлемдегі алып IT корпорациялар кімге қызмет етеді?

0
204

Бүгінде  америкалық IT индустриядағы Мicrosoft, Apple, Amazon, Facebook, Google  сынды алыптардың аты бүкіл әлемге мәлім. Бұл компаниялар жаһандық бизнесте үздіктердің қатарында тұр. Экономикалық дағдарысқа қарамастан, Microsoft, Apple және Amazon нарықтық капитализациясы әр компанияда 1 триллион доллардан жоғары. Салыстырмалы түрде ең ірі Уолл-стрит Банкі JPMorgan Chase-тің нарықтық капитализациясы шамамен үш есе аз, тіпті 300 миллиард долларға жетпейді. Ал  ең ірі   АҚШ-тың мұнай компаниясы  Exxon Mobil Corporation 186 млрд долларды құрайды.  Жоғарыда аталған екі компанияның табыс көзі IT компаниялардан шамамен 5 есе төмен.

IT-компаниялар миллиардтаған адамдармен тікелей байланыс орната отырып, бизнес, ақпарат,  жарнама сынды әр түрлі тапсырыстармен жұмыс істеген. Сонымен қатар АҚШ құқық қорғау органдары мен барлау агенттіктері де олардың қызметіне жүгінген.

Атап айтсақ, АҚШ IT-корпорациялармен тығыз байланысты 2001 жылы 11 қыркүйекте терроризмге қарсы заңнама қабылданғаннан кейін бастады. Осы өзгерістерден  кейін америкалық мемлекеттік ведомстволар мен ұйымдардың IT-корпорациялардың дерекқорларынан жеке құпия ақпаратқа қол жеткізуінің жеңілдетілген тәртібі енгізілді. Нақтырақ айтқанда, Федералды тергеу бюросы, Орталық барлау басқармасы, басқа да барлау агенттіктері талап-хаттың негізінде сот бұйрығынсыз кез-келген ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндігіне ие болды.

11 қыркүйекте болған  теракттан  20 жылдай уақыт  өтсе де АҚШ-тың құзыретті органдары ай сайын мыңдаған америкалықтың жеке басына қатысты мәліметтерін тексеріп отырған.

Осылайша, 2011 жылдың бірінші жарты жылдығында билік Google компаниясына 11 057 пайдаланушы туралы 5 950 өтінім жіберді. Компания қажетті деректердің 93%-ын берген.

«Халықаралық терроризмге қарсы жалпы күрес» ұранымен Вашингтон АҚШ-тың IT корпорацияларына және басқа мемлекеттерге, соның ішінде Ресей Федерациясына өтінім беруге рұқсат берді. Алайда бұл тек қағаз жүзінде ғана іске асырылды.

2011 жылдың бірінші жарты жылдығында Ресейден 47 пайдаланушының деректері туралы 42 өтінім түсті. Бірақ олардың ешқайсысы қабылданбады.

Бұл ретте  Googlе компаниясына жіберілген сұраныстар туралы бес жылдық деректерді ұсынуды жөн көрдік. АҚШ мемлекеттік органдары 27 157 есептік жазбаның құпия деректеріне қатысты 12 523 өтініш жіберген, олардың 79%-ына билік қанағаттанарлық ақпарат алған.

Ресей билігі 433 пайдаланушыға қатысты тек 257 өтінім жіберген, бірақ өтініштерінің  тек 7%-ы ғана мақұлданған.

Ескеретін жағдай, америкалық IT корпорациялар мен АҚШ-тың құзырлы органдары арасындағы қарым-қатынас тек бір реттік ақпарат берумен шектелмейді.  Мемлекеттік органдардың талабы бойынша IT-корпорация объектіні ұзақ уақыт бойы тұрақты бақылауда ұстайды. Құзырлы органдар ақпаратты бір реттік алуға арналған сұрау-хатта, әдетте объектінің жазбаларын парақшасын бұғаттаудың қажеті жоқ екенін ескертіп, бақылауды жалғастыру керектігін айтады.

2015 жылдың басында Wikileaks басшылығы Google-ге сайттың кейбір қызметкерлерінің бірнеше жылдық жазбалары, федералды тергеу бюросының қолына қалай түскендігін түсіндіруді талап еткен.

Шетелдік баспасөз құралдарына сүйенсек, үш жылда сайттың  үш қызметкерінің мәліметтері бақылауда болып, тексеріліп келген. WikiLeaks басшысы Джулиан Ассанж 2014 жылдың күзінде Google,  федералды тергеу бюросы  және басқа да америкалық ведомстволардың талабы бойынша тыңшылық  жасағандын көпшілікке жариялады.

Айта кетейік, Google, Amazon, Facebook және Apple 2019 жылдың ортасынан 2020 жылдың ортасына дейін Вашингтонның мүддесін  қорғау  үшін барлығы 54,5 миллион доллар жұмсады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 35%-ға және 2010 жылмен салыстырғанда 500%-ға жоғары.

Ал Еуропаға келетін болсақ, 2011 жылы Еуропалық комиссия корпорацияны нарықтағы үстем жағдайды теріс пайдаланды деп айыптады. Атап айтқанда, ЕО-ның онлайн Google іздеу жүйесінің үлесі 90%-ды құрайды. Сондай-ақ мобильді қосымшаларды әзірлейтін еуропалық компаниялар тек Google-ге тиесілі Android жүйесін қолданады. Шетелдік ақпарат құралдарына сенсек, ЕО айыптауларын жою үшін компания Еуропалық шенеуніктерді жоғары жалақы алатын лауазымдарға жалдау арқылы сатып алу жолына түсті. Осылайша, 2011 жылы IT алыптары 18 еуропалық шенеунікпен ауыз жаласты. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Сондай-ақ Еуропадағы Google Ұлыбританияға ерекше назар аударады. 2005 жылдан бастап алып IT компанияларға жалданған   британдық шенеуніктердің саны кем дегенде 26 адамды құраған.

Г.САНСЫЗБАЙ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ